Жаңажылдық шыршамен қоштасу

17.01.2020
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: РГП на ПХВ "Детский сад "Қарлығаш" МЦ УДП РК
Жаңа жылдық мерекелер тамаша өтті, шыршадағы ойыншықтарды келесі Жаңа жылға дейін жинастыратын уақыт келді... Бәрімізге қуаныш әкеліп, баршамыздың басымызды қосқан Шыршаға неге алғыс айтпасқа?! 2020 жылы 14 қаңтарда балабақшаларда «Жаңа жылдық шыршамен қоштасу» атты балаларға арналған мереке өтті. Балалар шыршаны айналып әндер айтты, ойындар ойнады, тақпақтар айтып, билер биледі. Мазмұнды және көңілді өткен мереке соңында балалар ересектермен бірлесіп «Шырша» әнін орындады. Ал Шырша өз кезегінде, балаларға тамаша сыйлықтар қалдырды.