Ана туралы мейірімге толы жылы сөздер əр адамның, үлкен мен кішінің жүрегінен табылады
11.03.2020
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш-2» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: РГП на ПХВ "Детский сад "Қарлығаш-2" МЦ УДП РК
Күнтізбе бойынша көктем келсе де, далада әлі қар жатыр! Жылдың дәл осы керемет мезгілі әйелдер мейрамымен басталады. Ана туралы мейірімге толы жылы сөздер əр адамның , үлкен мен кішінің жүрегінен табылады. Сондықтан да мейрам қарсаңында әр адам өзіне қымбат жандарға ерекше, жақсы, жағымды зат жасағысы келеді. 2 және 6 наурыз күндері № 2 балабақшада 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Балалар ән айтып, ана және көктем жайында өлеңдер оқыды, музыкалық аспаптарда ойнады. Балалар бұл іс-шараға ұзақ дайындалды. Бұл отбасылық мереке барлық қатысушыларға қуаныш сыйлады.