Жылдың ең әдемі уақыты көктем - 8 наурыз әйелдер мерекесімен басталады

10.03.2020
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш-1» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: РГП на ПХВ "Детский сад "Қарлығаш-1" МЦ УДП РК
Мереке қарсаңында № 1 балабақшада 4-6 наурыз аралығында ертеңгіліктер өтті. Балалар бұл күнді асыға күтті, себебі бұл мерекелік ертеңгіліктерде өлеңдер оқып, сахналық қойылымдар дайындады, көктем туралы, ана туралы, әже туралы әндер шырқалып, сүйікті аналар мен әжелерге арнап, өз қолдарымен жасаған мерекелік ашық хаттар мен кәде сыйларды дайындады. Мереке көңілді және шығармашылық жағынан жоғары деңгейде өтті! Осы күндері балабақшаның ішінде орын алған көктем мерекесі қуаныш пен бақытқа толы болды.