Наурыздың 3-і мен 6-сы аралығында Кәсіпорынның №3 балабақшасында Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер өтті

09.03.2020
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш-3» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: РГП на ПХВ "Детский сад "Қарлығаш" МЦ УДП РК
Көктемнің алғашқы мерекесіне дайындық кезінде педагогтар балалармен үлкен алдын-ала жұмыс жүргізді: тәрбиешілер балаларға тақпақтар жаттаттырды, әңгімелесулер өткізді, театрландырылған қойылымдар дайындады, музыка жетекшісімен хореографтар балаларға әндер айтқызып, би билеп үйретті. Балалар сүйікті аналары мен асыл әжелеріне арнап өз қолдарымен сыйлықтар жасады: құттықтау ашық хаттарын және қолдан жасалған бұйымдар әзірледі. Балабақша педагогтары асқан шеберлікпен және креативтілікпен көктем атмосферасын жасап, балабақша фойесін, топтарды және музыка залдарын безендірді. Шығармашылық идеялармен және креативті ойлармен ерекшеленген ертеңгіліктер өте қызықты өтті. Бұл саяхат түрінде ұйымдастырылған ертеңгіліктер болды, онда ересек жастағы балалар ұшқыш пен стюардессаның, ұшаққа мінген жолаушылардың ролін ойнап, дүниежүзін шарлады, әндер айтып, билер биледі, қойылымдар сахналады және көңілді ойындар ойнады. Кіші жастағы балалар болса қуыршақ, кәмпит және сүйкімді бөпе болып киініп, аналарын құттықтады.