Балабақшаның ересектер тобы мен даярлық тобының балалары «ASTANA GLOBAL FEST» халықаралық хореография және вокал байқауында «Халық биі» номинациясы бойынша бірінші орын алды!

16.02.2020
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: РГП на ПХВ "Детский сад "Қарлығаш" МЦ УДП РК
№ 3 балабақшада кішкентай жұлдыздар тәрбиеленуде - балабақшаның ересектер тобы мен даярлық тобының балалары «ASTANA GLOBAL FEST» халықаралық хореография және вокал байқауында «Халық биі» номинациясы бойынша бірінші орын алды! Көрермендер қосымша білім беру қызметтері бойынша би студиясының хореографы Кузгамбаева Виктория Дюсенбайқызы қойған итальяндық «Тарантелла» биін тамашалады. Би сабақтарын қызықты және танымды етіп өткізетін Виктория Дүйсембаевна, әр баланың шығармашылық қабілетін көріп, дарынын аша біледі. Ұстаздың осынау еңбегінің нәтижесінде шәкірттері халықаралық байқауда алғашқы жеңістеріне қол жеткізіп отыр! Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!