Ертегі оқудың маңызы

20.09.2022
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш-3» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: РГП "Детский сад "Қарлығаш" МЦ УДП РК
Баланың тәрбиесімен және дамытумен айналысатын мамандардың көбі ертегі оқуға кеңес береді. Бірақ олардың маңызы сирек талқыланады. Біз осы олқылықтың орнын толтырғымыз келеді. Ертегі – бүлдіршіндерге дүниені ашатын, оның жан-жақтылығын баяндайтын алғашқы «оқулық». Ендеше, ертегі оқу неліктен маңызды? Өйткені ертегі: 1) қиялды; 2) сөйлеуді; 3) назар аудару дағдысы; 4) ойлауы дамиды. Ең бастысы, баланың сөздік қоры кеңейеді. Және бұл ғана емес. Ертегілер арқылы балалар: - ата-аналармен қарым-қатынастан ләззат алады; - қызықты әңгімелер тыңдайды; -кейіпкерлерге қатысты өз эмоцияларын білдіруге үйренеді.