ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДА «ҮЙДЕН БАЛАБАҚШАҒА ДЕЙІНГІ БАҚЫТТЫ ЖОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

01.11.2023
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш-1» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: Біздің мекеме
«Қарлығаш» балабақшасының №1 объектісінде өткен «Мейірбан ата-аналар клубының» кезекті кездесуі «Үйден балабақшаға дейінгі бақытты жол» тақырыбына арналды. Шараға барлық топтардан 24 ата-ана қатысты. Кездесу бақытты баланы қалай тәрбиелеу керектігі туралы «Бақыт аукционы» атауымен аукцион форматында ұйымдастырылды. Ата-аналар өзара тәжірибелерімен бөлісу барысында ақыл - кеңестерін бағалау арқылы бір-біріне ұсынды. Олар әртүрлі проблемалық жағдайларды талқылап, шешімдерін бірге іздеді. Кездесудің екінші жартысында біздің балабақшаның педагог-психологтары бала тәрбиесіне деген көзқарасты жеңілдету үшін аналар мен әкелерге баланы бақытты ететін 10 лайфхакпен бөлісті. Ата-аналар пайдалы кеңестер мен жағымды эмоциялар алып, шара соңында оң пікірлер мен тілектер қалдырды.