АПТАЛЫҚ ДАЙДЖЕСТ
06.11.2023
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: БІЗДІҢ МЕКЕМЕ
ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасының бір аптадағы жаңалықтар дайджесті:
«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері Республикалық «Алтын күз» шығармашылық байқауына және халықаралық «Осенний вернисаж» байқауына қатысып І, ІІ орындарға ие болды.
31 қазан күні «Ертөстік» және «Балдәурен» топтары халықаралық «Ғажайып жұлдыздар» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Үйден балабақшаға дейінгі бақытты жол» тақырыбында «Мейірбан ата-аналар клубының» кезекті кездесуі өтті.
Бүлдіршіндер үшін «Орман оқиғасы» атты қуыршақ театрының қойылымы өтті.