24-27 желтоқсан аралығында Кәсіпорын балабақшаларында жаңажылдық ертеңгіліктер өтті

31.12.2019
Өткізу орны: ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырушы: РГП на ПХВ "Детский сад "Қарлығаш" МЦ УДП РК
Ерте балалық шақтағы жаңажылдық сәттер – балалар ешқашан ұмытпайтын, өмір бойы есте сақтайтын естеліктер. Міне сондықтан да әр балабақшада балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын өзіндік ерекше мерекелік жағдай жасалды. Шығармашылыққа толы, креативті ойластырылған, эмоциялық тұрғыдан мазмұнды сипатталған бағдарлама, музыкалық-әдеби материал, күтпеген сәттер мен сыйлықтар - балалардың көркемдік сезімдерін дамытудың және оларға әдемі мереке сыйлаудың педагогикалық тетіктері саналады. Жаңа жылдық шараларға дайындық барысында балабақша әкімшілігі мерекелік шаралар өтетін жайларды әдемі безендіріп, көз тартатын костюмдер ойластырып, сыйлықтар әзірлеп қана қоймай, қауіпсіздік техникасын да ойластырды: шыршаның жарығы, техникалық құралдардың қосылуы, психологтар мен медицина қызметкерлерінің кезекшіліктері ойластырылды. Ертеңгіліктердің сценарийлері де ерекше болды. Кішкентайлар топтарында «Фиксики», «Умка» персонаждары, «Қоянның үйшігі», «Золушка» ертегілерінің кейіпкерлері мерекелік көңіл-күй сыйласа, ересектер топтарында «Алладиннің сиқырлы шамы» және «Қар патшайымы» ертегілерінің негізінде сахналанған мюзиклдар қойылды. Балабақша тәрбиешілері әбден дайындаған балалар әдемі мәнерлеп оқу шеберліктерімен, музыкалық және әдеби дайындықтарымен ата-аналарды тәнті етті. Әкімшілік барлық ертеңгілікті зерделеп шығып, ең ерекше сценарийлерді, кейіпкерлер мен жоғары дайындық көрсеткен топтарды атап өтті. «Үздік Жаңажылдық қойылым» қойып, ең жоғары дайындық және белсенділік көрсете білген топтар: 1. «Алпамыс» тобы 2. «Көркем» тобы 3. «Балдырған» тобы 4. «Ақбота» тобы «Үздік сценарий» - «Алладиннің сиқырлы шамы» жаңажылдық ертегісі, хореограф Қабдешева Алмагүл Қайроллақызы. «Үздік Аяз Ата»– тәрбиеші Матиева Жанат Үсембайқызы. «Үздік персонаж»: Тәрбиеші Есенгелдиева Ләззат Тұрсынбайқызы сомдаған Өгей шешенің образы Тәрбиеші Искакова Айгүл Серікқызы сомдаған Мыстан кемпірдің образы Қол еңбегі мұғалімі- атальерист Ерімшеева Ақмарал Ермағанбетқызы сомдаған Мыстан кемпір мен Джафар образдары