25.01.2021 АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА: БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА ҚАТЫСПАУЫ БОЙЫНША АНЫҚТАМА ТҮРІ
Құрметті ата-аналар! «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi №360-VI ҚРЗ Кодексінің 7-бабы 31-тармақшасына және «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (2-қосымша) сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымына баратын баланың ауруы, карантині және оның болмауының өзге де себептері туралы анықтаманың жаңа нысаны бекітілгеніне назар аударуларыңызды сұраймыз. Осы айтылғанның негізінде, тәрбиеленуші балабақшаға үш және одан да көп күн келмеген жағдайда белгіленген үлгідегі анықтаманы (037у нысаны) әкелу қажет. Анықтама нысаны төменде берілген.