22.01.2021 Балабақша жетістіктері
Педагог-маманның кәсіби табыстылығының және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту көрсеткіштерінің бірі - оның жетістіктері. Пандемияға байланысты ұйымдардың (қалалық, республикалық және халықаралық) кәсіби конкурстар өткізу белсенділігі төмендегенімен, «Қарлығаш» балабақшасының педагог-мамандары мен тәрбиеленушілерінің белсенділігі жоғары деңгейде екенін атап өткен жөн. Біздің педагогтер тек зияткерлік қана емес, сонымен қатар шығармашылық конкурстарға да қатысуда. Ағылшын тілінен «I love animals» халықаралық олимпиадасында қосымша білім беру педагог-маманы Дана Есімханқызы Аралбаева тәрбиеленушілерімен бірге сегіз І орынға ие болды! Ал, хореограф Бекзат Кидиргалиевна Жусупованың жетекшілігімен балалар қашықтан өткен «Ғажайып жұлдыздар» республикалық балалар шығармашылық байқауында 1 және 2- орын иеленді.