20.01.2021 «Қардан жасалған мүсіндер»
Жылдың барлық мезгілі балаларға қуаныш әкеледі. Оның ішінде қыс мезгілі өзінің ерекше қызықтарын сыйлайды. Қыстың қызығы сол - қар лақтырып ойнау, қардан аққала және басқа да қызықты түрлі мүсіндер жасау! Біздің балабақшамызда жыл сайын қардан мүсіндер жасау конкурсы өтеді. Ауа-райының қолайсыздығы қарамастан біздің ата-аналарымыз бен педагогтеріміз осы конкурсқа қатысып, әр топ өз ойын алаңдарында «Қардан жасалған мүсіндер» тақырыбы бойынша түрлі мүсіндер тұрғызды. Көз қуантатын мүсіндер балалардың қысқы серуендерін одан әрі қызықты етіп қуантып жатыр. Ата-аналар мен педагогтер және біздің кішкентай бүлдіршіндермен бірлесіп жасаған еңбектері жемісті болды!