05.02.2021 2021 жылдың қаңтар айындағы жақсы жаңалықтар
1) Тьюторлық семинар – марафон ұйымдастыру Кәсіпорынның 14 педагогының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Воскобовичтің дамыту ойындары» ойын технологиялары арқылы 5 оқытылған тьютор каскадты оқыту шеңберінде шеберлік сыныптар өткізу үшін онлайн диалог алаңын ұйымдастырды. Воскобовичтің дамыту ойындары бойынша педагогтерді оқыту тьюторлық семинар-марафоны басталды. 2) Тәрбиеленушілердің жетістігі Кәсіпорын тәрбиеленушілері аталмыш кезеңде 5 Халықаралық және 6 Республикалық конкурстарға қатысты. а) Балалар шығармашылығының халықаралық байқауларында тәрбиеленушілер 19 - І орынды және 6 қатысу сертификатын жеңіп алды. Ағылшын тілін білуге арналған зияткерлік конкурста 9 - І, 3 – ІІ және 4 – ІІІ орындарын жеңіп алды, 6 бала қатысушы сертификаттарын алды. б) Республикалық балалар шығармашылығы конкурстарында 13 тәрбиеленуші – І, 4 – ІІ орын, 35 тәрбиеленуші қатысу сертификаттарына ие болды. Сонымен қатар, Республикалық мәнерлеп оқу байқауы «Менің Қазақстаным – менің Республикам» және "Үркер" зияткерлік марафонында 10 бала - І орынды, 1-уі - ІІ орынды сертификатты жеңіп алды. 3) Педагогтердің жетістіктері Кәсіпорын педагогтер жетістігі 3 түрге бөлінді: а) Балаларды шығармашылық және зияткерлік сайыстарға балаларды дайындау Халықаралық конкурстарына қатысқаны үшін Кәсіпорынның 5 педагогы алғыс хаттарға ие болып; Республикалық және шығармашылық конкурстарында І орынды 2 педагог жеңіп, 14 педагог алғыс хаттарға ие болды. б) Педагогтердің білім беру саласындағы инновациялық жобалар конкурстарына қатысуы Халықаралық байқауда 3 орынды 1 педагог жеңіп алды; в) Педагогтардың кәсіби конкурстарына қатысуы Республикалық кәсіби байқауларда 6 педагог алғыс хаттармен марапатталып, І орынды– 1, Ы Алтынсарин медалін 1 педагог иеленді . Осылайша, Кәсіпорын педагогтері мен тәрбиеленушілері Халықаралық және Республикалық байқауларда 63 - І орынды, 8 - ІІ орынды, 12 - ІІІ орынды жеңіп алып, 26 алғыс хатқа ие болды. 4) Қазақ тілі апталығы №1 балабақшада қазақ тілі апталығы қызықты және мазмұнды өтті: балалар апталықтың салтанатты ашылуына қатысып, ұлттық ойындар ойналып, "Менің сүйікті қазақ әрпім" атты көрмесі тамашаланды, балалар арасында өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өткізіп, ертегілерді оқылып, сахналанды.