20.02.2021 Әлем халықтары ертегілері фестивалі
Мектепке дейінгі жастағы балалар ертегі арқылы тәрбиеленеді, сондықтан "Қарлығаш" балабақшаларында жыл сайын ертегілер фестивалі өткізіледі. Бұл күндері балалар ғажайып ертегі елінде болды. Балабақша педагогтары балалардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге бағытталған үлкен жұмыс жүргізді. Әр баланың ертегі кейіпкерлерінің кейпінде болуға мүмкіндіктері болды.