07.08.2023 Массаждың балаға пайдасы қандай?
Балалардың денсаулығын нығайту үшін «Қарлығаш» балабақшасында массаж қызметі жұмыс істейді. Жалпы нығайтатын (профилактикалық) массаж әр балаға пайдалы: - бұлшықеттерді, буындарды, сүйекті нығайтады; - моториканы дамытады; - иммундық жүйеге оң әсер етеді; - дене дамуын жандандырады; - жүйкені тыныштандырады; - бұлшықеттердегі ауырсынуды жояды; - дене мүмінінің бұзылуының алдын алады; - ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Массаж сондай-ақ баланың сөйлеу, ойлау және қиялын дамытуда да пайдалы. Массаж келесі аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылады: жалпақ табан, қабыну процестерін емдеу (ларингит, бронхит, гастрит, пневмония, және т.б.), мүсінді түзету үшін сколиоз, кифоз, бүкірею, т.б. аурулар.