14.08.2023
Біздің кішкентай достарымыз
«Қарлығаш» балабақшасының №2 объектісінде «Біздің кішкентай
достарымыз» жобалық іс-әрекеті ұйымдастырылды.
Мақсаты: балалардың ой-өрісін, сөздік қорын кеңейту, үй жануарларымен
жақсы қарым-қатынас орнатуға үйретіп, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Балалар ата-аналарымен және тәрбиешілерімен бірлесіп үй жануарлары –
мысық, ит, тотықұс және т.б. туралы альбомдар, летбуктер, шағын
кітапшалар жасады.
Өз жобаларын қорғау барысында балалар үй жануарларына қалай күтім
жасайтыны туралы айтып берді. Шара соңында бірлескен жұмыстар көрмесі
өтті.