26.08.2023 Балабақшада сенбілік өтті
Жақын арада «Қарлығаш» балабақшасының №1 объектісінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.  №№2,3 объект ұжымдары бірлесіп сенбілікке шығып, әріптестеріне көмектесіп, №1 балабақша аумағын сыпырып, қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.   Сонымен қатар, ғимараттың ішін ретке келтіріп, терезе, еден, жиhаз, қабырғаларды жуу жұмыстары да қолға алынды.